Ереже

1
Ақтөбе облысы әкімдігінің
2018 жылғы «____»______
№ ______ қаулысына
1 қосымша
«Ақтөбе облысының ақпараттандыру және
сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес әзірленді және «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәртебесі мен өкілеттіктерін айқындайды.
2. «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің филиалдары және өкілдіктері жоқ.
3. «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес «Ақтөбе облысының Қазынашылық департаменті» мемлекеттік мекемесі органдарында шоттары бар.
5. «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер Заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастарға тарапы болуға құқығы бар.
7. «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша Заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының Заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 030010 Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
11. Осы Ереже «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
12. «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
13. «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі Заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
14. «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
2. «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі миссиясы облыстың ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету және сыртқы байланыстар саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты іске асыру.
16. Міндеттері:
1) Ақтөбе облысының ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтерді көрсету және сыртқы байланыстар саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі даму бағыттарын жүзеге асыруын қалыптастыру;
2) ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы бірыңғай талаптардың, сондай-ақ ақпараттандырудың сервистік моделін іске асыру қағидаларының сақталуын қамтамасыз ету;
3) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын арттыруды, оған қолжетімділікті қамтамасыз ету;
4) жақын және алыс шетелдермен аймақтың аймақаралық, интеграциялық өзара тиімді байланыстарын дамыту және нығайту;
5) қарыздар мен гранттар тарту мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен және қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасасу.
Фунциялары:
1) жергілікті атқарушы орган қызметінің бағыттарын ескере отырып, "электрондық үкiметтiң" архитектурасын дамыту жөніндегі талаптардың сақталуын және "электрондық әкімдіктің" үлгілік архитектурасының ендірілуін қамтамасыз ету;
2) мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарын және ақпараттық жүйелерін құру және дамыту;
3) жергілікті атқарушы органдардың электрондық ақпараттық ресурстарының толықтырылуын жүзеге асырады, олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету;
4) облыс әкімдігінің бекітуіне мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен және сарапшылық кеңеспен келiсу бойынша мемлекеттік органның архитектурасын енгізу және оның іске асырылуын қамтамасыз ету;
5) "электрондық үкіметтің" архитектуралық порталында мемлекеттік органның ақпараттық жүйелерін тіркеуді, мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы мәліметтерді есепке алуды, мемлекеттік органдардың ақпараттандыру объектілерінің техникалық құжаттамасының электрондық көшірмелерін орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органның ақпараттандыру объектілері туралы ақпараттың жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету;
6) облыс әкімдігінің интернет-ресурстарында мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарды қалыптастыру, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін құру мен ақпараттық жүйелерін дамыту жоспарлары және нәтижелері туралы жалпыға бірдей қолжетімді ақпаратты орналастыру;
7) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің әзірленген бағдарламалық қамтылымын, бастапқы бағдарламалық кодтарын (болған кезде) және лицензиялық бағдарламалық қамтылымының баптау кешенін есепке алу және сақтау үшін "электрондық үкіметтің" сервистік интеграторына беруді қамтамасыз ету;
8) техникалық құжаттаманың қағаз жеткізгіштердегі түпнұсқаларын сақтауды қамтамасыз ету және оларды "электрондық үкiметтiң" сервистік интеграторына оның сұрау салуы бойынша ұсыну;
9) ақпараттық жүйелерді құру немесе дамыту кезінде стандартты шешімдерді пайдалануды жүзеге асыру;
10) мемлекеттік органдардың мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстарына және ақпараттық жүйелеріне жеке және заңды тұлғалардың қоғамдық қол жеткізу пункттерін, оның ішінде осы қол жеткізуді ұйымдастыру үшін тұрғын емес үй-жайларды бөлу жолымен ұйымдастыру;
11) цифрлық сауаттылықты арттыру үшін жағдай жасау;
12) ашық деректердің интернет-порталында қазақ және орыс тілдерінде ашық деректерді орналастыруды ұйымдастыру;
13) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасында интернет-ресурстарды орналастыру, сондай-ақ олардың анықтығын және жаңартылып отырылуын қамтамасыз ету;
14) облыс әкімдігіне ұсыныс енгізумен уәкілетті органмен келісу бойынша ашық деректердің интернет-порталында орналастырылатын ашық деректер тізбесін бекітуді қамтамасыз ету;
15) ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтердің каталогына сәйкес оператордан ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу;
16) мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттары мен регламенттерінің қолжетімділігін қамтамасыз ету;
17) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы қолжетімді нысанда хабардар болуын қамтамасыз ету;
18) көрсетілетін қызметті алушылардың мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өтініштерін қарау;
19) көрсетілетін қызметті алушылардың бұзылған құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қалпына келтіруге бағытталған шараларды қолдану;
20) мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы жұмыскерлердің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету;
21) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету процестерін оңтайландыру және автоматтандыру жөнінде шаралар қолдануды қамтамасыз ету;
22) мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылау нәтижелері бойынша ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз ету;
23) ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға электрондық нысанда көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын бағалауды жүргізу үшін ақпараттың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде ұсынылуын қамтамасыз ету;
24) егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше көзделмесе, Мемлекеттік корпорацияға мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті мәліметтерді қамтитын ақпараттық жүйелерге қолжетімділік беру;
25) мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығына беру;
26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылауды жүргізу;
27) көрсетілетін қызметті берушілердің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын сақтауын қамтамасыз ету;
28) қарыздар мен гранттар тарту мәселелері бойынша халықаралық ұйымдармен және қаржы институттарымен өзара іс-қимыл жасасу, қол жеткізілген келісімдерінің шарттарын орындалуын мониторингін жүзеге асыру;
29) шекаралық ынтымақтастықты, жақын және алыс шетелдермен аймақтың аймақаралық және интеграциялық байланыстарды дамытуды және нығайтуға ықпал ету;
30) өз құзыреті шегінде, ұлттық Заңнамаларына және халықаралық шарттарының ережелерін сақтай отырып, халқыаралық ұйымдар және қаржы институттарымен шарттар жобаларын, меморандумдар және шет ел мемлекеттік органдарымен жоспарларын әзірлеу;
31) ақпараттандыру, мемлекеттік қызмет көрсету және сыртқы байланыстар мәселелері бойынша форумдар, көрмелер, тұсаукесерлер, кеңестер және семинарлар, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру және қатысу, сонымен қатар олардың облыста, Қазақстан Республикасында және шетелдерде өткізілуі бойынша ұсыныстар енгізу;
32) жергілікті мемлекеттік басқару мүдделері үшін Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.
Құқықтары мен міндеттері:
1) «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша облыс әкімі шешімдерінің, өкімдерінің, облыс әкімдігі қаулыларының жобасын дайындауға қатысу;
2) «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша облыстың атқарушы органдарының, аудандардың, қалалардың жергілікті атқарушы органдарының жұмысына талдау жасау;
3) «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша мемлекеттік органдарға, басқа ұйымдарға әдістемелік, консультациялық, тәжірибелік көмек көрсету;
4) Ақтөбе облысының аумағында ақпараттандыру, мемлекеттік қызметтер көрсету және сыртқы байланыстар жетілдіру бойынша облыс әкімдігіне ұсыныстар енгізу;
5) Заңменен, басқа да нормативтік актілермен белгіленген тәртіппен облыстық, қалалық және аудандық атқарушы органдардан және басқа мемлекеттік және мемлекеттік емес құрылымдардан «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер жөнінде қажетті материалдарды сұратып алу және тиісінше хат жазысуды жүргізу;
6) «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша болжамдар, бағдарламалар, талдамалық шолулар дайындағанда заңда белгіленген тәртіппен сарапшылар, басқа атқарушы органдардан мамандар тарту;
7) басқа облыстардың, орталық атқару органдарының және шет елдердің тиісті құрылымдарымен жұмыс тәжірибесі мен ақпарат алмасуда іскерлік байланысты реттеу мақсатында өзара іс-қимыл жасау; 8) «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша, белгіленген тәртіппен ақпараттық-презентациялық іс-шараларды (форумдар, семинарлар, кеңестер, көрмелер, жәрмеңкелер) ұйымдастыру және өткізу бойынша бастама көтеру;
9) республикалық өңіраралық және басқа да іс-шараларға Ақтөбе облысы өкілдерінің қатысуын ұйымдастыруға;
10) сот органдарында «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауды жүзеге асыруға;
11) өз құзыретіне жататын мәселелерді шешуде Қазақстан Республикасының қолданыстағы Заңнамаларын сақтауға;
12) өз құзырет шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.
3. «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі қызметін ұйымдастыру
17. «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
18. «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысын облыс әкімі ҚР Заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметінен босатады.
19. «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің штат кестесі бойынша бірінші басшысының ҚР Заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
20. «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) орынбасарлары, бөлім басшылары мен басқа да жауапты қызметкерлердің өкілеттіктері мен міндеттерін белгілейді;
2) «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мамандарын іріктеу және орналастыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырады, басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
3) қолданыстағы Заңнамаға сәйкес, барлық органдар мен ұйымдарда «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атынан сөйлейді;
4) еңбекке ақы төлеу қорының шегінде қызметкерлердің кұрылымын, штаттық кестесін және «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі бөлімдерінің ережелерін (функционалды міндеттерін) бекітеді;
5) «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлкеттік мекемесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекетке бағытталған шаралар қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралардың қабылдануына дербес жауапты болады.
«Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы Заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттерін қолданыстағы Заңнамаға сәйкес белгілейді.
4. «Ақтөбе облысының ақпараттандыру сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі
22. «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі Заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
«Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының Заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер Заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
5. «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату
25. «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату, осы қаулыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.