Жобалар

Ақтөбе облысы әкімдігінің қаулы жобасына БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
Нормативтік құқықтық актіні ұсынушы мемлекеттік орган Ақтөбе облысының әкімдігі болып табылады.
Нормативтік құқықтық актіні қабылдау қажеттігінің негіздемесі Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабына, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы «Ақпараттандыру туралы» Заңының 10-бабының 15) тармақшасына сәйкес жүзеге асырылады.
Осы нормативтік құқықтық акт республикалық немесе жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді.
Қаулы жобасы бойынша Ақтөбе облысының Қоғамдық кеңестің 2018 жылғы 25 қазандағы №02-1/107 қорытындысы алынды.
Нормативтік құқықтық актінің жобасы ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында 2019 жылдың 4 наурызында орналастырылды. Қоғамдық талқылаудың мерзімі 19 наурызда аяқталды. Есептемені қарау 13 бірлік, пікірлер болған жоқ.