eGov.kz-тағы айыппұлдарды телефон теңгерімі арқылы төлеуге рұқсат

eGov.kz-тағы айыппұлдарды телефон теңгерімі арқылы төлеуге рұқсат"Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ мен "Қазпошта" АҚ-мен бірлесіп "электрондық үкімет" сайтында ұялы телефон теңгерімінен айыппұлдар, баждар және басқа да төлемдерді төлеу бойынша қызмет көрсетуді іске қосты. Өз мәліметтеріңізді және ұялы телефон нөмірін енгізгенде сіз бір реттік SMS-пароліңізді аласыз. Ол расталған жағдайда айыппұл, баж немесе басқа да төлемдерді онлайн-төлеу жүргізілетін болады. Чек порталдағы "жеке кабинетте" сақталады.Бұл тәсілден басқа карта немесе электрондық әмиянның көмегімен төлем жасауға болады.