2019 жылдың 3 шілдесі 15-00-де "Нұр Отан" партиясы Ақтөбе облыстық филиалының ғимаратында Ақтөбе облысына ТҮКШ саласында Қазақстан Республикасының ақылды қалаларының эталондық стандарттарын енгізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтеді.

2019 жылдың 3 шілдесі 15-00-де "Нұр Отан" партиясы Ақтөбе облыстық филиалының ғимаратында Ақтөбе облысына ТҮКШ саласында Қазақстан Республикасының ақылды қалаларының эталондық стандарттарын енгізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтеді. Осы кездесу аясында қатысушылар есепке алу құралдарының көрсеткіштерін автоматты түрде беруді енгізу тәжірибесімен, сондай-ақ деректерді жинау, тұрғын үйлерде аспаптарды орнату және Деректерді өңдеу орталығымен интеграциялау бойынша бағдарламаларды пайдалану, проблемалық мәселелер және оны шешу жолдарымен таныстырылатын болады. Ақылды қалалар өңірлік дамудың, инновацияларды таратудың Ақтөбе облысында және елдің бүкіл аумағында өмір сүру сапасын арттырудың локомотивіне айналады.