Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 3 шілде күні Ақтөбе облысына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында Қазақстан Республикасының ақылды қалаларының эталондық стандарттарын енгізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті.

Мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында 3 шілде күні Ақтөбе облысына тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында Қазақстан Республикасының ақылды қалаларының эталондық стандарттарын енгізу мәселелері бойынша дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстелге «Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасы» ММ басшысы Сергей Беккер, Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі Владимир Лазарев, сондай-ақ облыстық мәслихат депутаттары, баяндамашы ретінде бірқатар ірі компаниялардың өкілдері қатысты. Кездесу барысында қатысушылар есепке алу құралдарының көрсеткіштерін автоматты түрде беруді енгізу тәжірибесімен танысты, сондай-ақ мәліметтерді жинау, тұрғын үйлерде Аспаптарды орнату және ДӨО-мен интеграциялау жөніндегі бағдарламаларды пайдалану мәселелері мен шешімдері талқыланды. Қазіргі таңда «Ақылды қала» жобасы аясында техникалық шешімдерді іздеу, нарық қажеттілігі және Ақылды көшені жарықтандыру, технологиялық процестерді басқарудың автоматтандырылған жүйесі, датчиктердің метеорологиялық жүйесі, Е-ПИК, еріген және атмосфералық суларды бұру жүйесі, климат-бақылау, үйді басқару платформасы, контейнерлерді толтыру датчигі, зияткерлік су желісі, зияткерлік энергия желілері, қар жүктемесінің сенсоры, өрттен қорғау жүйесі, ақылды қорғау жүйесі, ақылды лифт, қалалық люктерге мониторинг жүргізу жүйесі, ақылды аула бағыттары бойынша қаржыландыру нұсқалары пысықталуда. Өткен жиынның басты нәтижесі бірыңғай техникалық саясатты талқылау және ақылды қалалардың эталондық стандартының он бір бағытын синхрондау болды. Жергілікті атқарушы билік, бизнес және қала тұрғындарының ресурстарын біріктіру өзекті мәселелерді шешудегі драйвер болады және Ақтөбе облысына заманауи цирфлық технологияларды енгізу үшін қолайлы негіз жасайды. Сондай-ақ, денсаулық сақтау, білім беру, көлік, ТКШ, қауіпсіздік бағыттары бойынша Ақтөбе облысы әкімдігінің цифрлық кеңсесінің ашық диалогы жоспарланған.