27 шілдеде C2 Creative Community коворкинг орталығында сағат 13-00-де Ақтөбе облысының цифрландыру офисі өкілдерінің IT қоғамдастық өкілдерімен және жас стартаперлермен кездесуі өтеді.

27 шілдеде C2 Creative Community коворкинг орталығында сағат 13-00-де Ақтөбе облысының цифрландыру офисі өкілдерінің IT қоғамдастық өкілдерімен және жас стартаперлермен кездесуі өтеді. Аталмыш шараға Ақтөбе облысының ақпараттандыру және сыртқы байланыстар басқармасының басшысы Сергей Беккер, Ақтөбе облысы әкімінің кеңесшісі Владимир Лазарев және цифрландыру кеңсесінің өкілдері қатысады. Кездесу ашық пікірталас форматында өтеді, алаңның басты мақсаты жас мамандардың одан әрі дамуы үшін өз жобаларын таныстыру болып табылады, бұл пікірталас өңірдегі ІТ-стартаптарды іске асыруға серпін береді. Егер сіз өз идеяларыңызды қорғауға дайын прогрессивті, креативті адам болсаңыз, біз сізді осы кездесуге қатысуға және болашақта Ақтөбе облысының да, бүкіл Қазақстанның игілігі үшін іске асырылуы мүмкін өз жобаңызды көрсетуге шақырамыз. 27 шілде күні Тәуелсіздік даңғылы 9/1 мекен-жайы бойынша орналасқан C2 Creative Community коворкинг орталығында күтеміз