«Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы» жобасы жүзеге асырылуда

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясына сәйкес бүгінгі күні сыбайлас жемқорлықтың алдын алудың пәрменді тетігі ретінде қоғамдық бақылау институтының алатын орны зор.
Қазіргі таңда мемлекеттік және жергілікті бюджеттің атқарылуы мен тиімді жұмсалуы жөніндегі ақпаратқа қолжетімділіктің төмендігіне, олар бойынша ұсыныстар мен арыз-шағым беру кезінде бюрократиялық кедергілер мен тиісті сараптамалық-талдау көздерінің болмауына байланысты қоғам тарапынан өзекті мәселелер тууда.
Осыған байланысты Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) 2018 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігімен бірлесе «Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы» жобасын жүзеге асыруда.
Аталған жобаның басты ерекшелігі ретінде ашық ақпаратты, мобильділікті және тұрақты түрде бақылау жасау мүмкіндігінің болуын айрықша атап өтуге болады.
Елордадан бастау алған жоба барлық өңірлерге таратылуда. Өз кезегінде, бүгінгі күні аталған жобаны Ақтөбе облысында жүзеге асыру жұмыстары белсенді түрде жүргізілуде.
Қызығушылық танытқан азаматтар https://publicbudget.kz сілтемесіне өту арқылы «Қоғамдық бақылаудың интерактивті картасы» жобасымен таныса алады.